Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев қызметкерлердің бір күндік жалақысын қорға аударуға қатысты пікірін білдірді

"Қазақстан халқына" қоры, бизнес өкілдеріменк кездесу, бюджеттік қызметкерлер, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.01.2022 12:04 Сурет: Zakon.kz
Тоқаев бизнес өкілдерімен өтіп жатқан кездесуде бюджет қызметкерлерінің бір күндік жалақысын "Қазақстан халқына" қорына аударуды қолдамайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz
Менің үндеуіме бейжай қарамай, "Қазақстан халқына" қорына қаражат аударған азаматтарға алғыс айтқым келеді. Бұл сіздердің тараптан уақытылы жасалған бағалы қадам, бірақ бұл жерде формализм мүлдем болмауы тиіс. Мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлердің бір күндік жалақысы жинала бастады. Бұл – мүлде қажетсіз бастама. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент "Қазақстан халқына" қоры бюджеттік қор емес екенін атап өтті.

Мұның бюджет қоры емес, Қазақстан халқының қоры екенін тағы да қайталап айтамын. Сондықтан оның жұмысы ұзақ бюрократиялық рәсімдерсіз атқарылуы тиіс және батыл шешімдер қабылдануы керек. Көмек нақты, шұғыл және атаулы болуға тиіс. Қасым-Жомарт Тоқаев

Сондай-ақ ол бұл қор Қазақстан халқының қоры болғандықтан, оның жұмысын ұзақ бюрократиялық процедураларсыз құру керектігін айтты.

Бұл жұмыс абсолютті ашық болады. Ірі компаниялардың бәрі жыл сайын табыс салығының Үкімет белгілеген бөлігін пайдалы әрі қайырымдылық істермен айналысатын Қорға аударып тұрады. Бизнес-қоғамдастық бұл бастаманы шынайы түрде қолдайды және жобаларды жүзеге асыруда Қорға көмектеседі деп үміттенемін.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: