Тоқаев дәрігерлердің жалақысын көтеруді тапсырды

Обязательное социальное медицинское страхование, медицинское страхование, медицинская страховка, ОСМС, врач, врачи, доктор, доктора, медик, медики, медицина, здравоохранение, медстрахование, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2026 13:33 Фото: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдауында медицина қызметкерлерінің жалақысын қайта қарауды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы алғашқы медициналық-санитариялық көмек жүйесін жаңғыртуға ерекше көңіл бөлініп отырғанын атап өтті.

"Жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттігін кеңейтіп, осы жүйені қаржыландыру көлемін кезең-кезеңімен арттыру маңызды. Үкіметке 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік қызметте жұмыс істейтін мамандардың жалақысын үздіксіз еңбек өтіліне қарай 40%-ға дейін көтеруді тапсырамын. Бұл 77 мыңнан астам маманның табысын арттыруға мүмкіндік береді", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев ең төменгі жалақы мөлшерін қайта қарауды ұсынған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: