Президент уранның мемлекеттік стратегиялық қорын құру туралы ұсынысты қарауды тапсырды

Касым-Жомарт Токаев, президент Республики Казахстан, президент РК, глава государства , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2026 13:28 Фото: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 28 қазанда Қазақстан халқына Жолдауында уранның мемлекеттік стратегиялық қорын құру туралы ұсынысты қарауды тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент жалпыхалықтық референдум қорытындысы бойынша атом электр станцияларын салу туралы шешім қабылданғанын, оның үстіне бірнеше АЭС салу жоспарланып отырғанын еске салды.

"Қазірден бастап 50 жылдан кейін және одан да ұзақ уақыт бойы оларды уран шикізатымен қалай қамтамасыз ететінімізді ойластыруымыз керек. Қазақстандағы АЭС-тердің алдағы бір ғасырдағы қажеттілігін өтеуге мүмкіндік беретін уранның мемлекеттік стратегиялық қорын құру туралы ұсынысты байыппен қарастыру қажет деп санаймын", – деді Тоқаев.

Оның айтуынша, АЭС құрылысына қатысатын шетелдік серіктестерді Қазақстанда жоғары технологиялық өндірістер құруға, ядролық энергетика саласындағы құзыреттерді беруге және отандық атом мамандарын даярлауға тарту маңызды.

"Мұндай ұсыныстарды Ресей мен Қытай компаниялары жасап отыр", – деді Президент.

Бұған дейін Тоқаев энергетикалық нысандар құрылысына қатысты бірқатар тапсырма берген болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: