Тоқаев тарихта алғаш рет өтетін «Орталық Азия – Үндістан» саммитіне қатысады

"Орталық Азия – Үндістан" саммиті, Қазақстан, Үндістан, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.01.2022 11:00 Сурет: Ақорда
Ертең, 27 қаңтарда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев тарихта алғаш рет ұйымдастырылып отырған «Орталық Азия – Үндістан» атты саммитке қатысады, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл ақпаратты Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли таратты.

Жиынға Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди бастамашы болды. Іс-шара онлайн форматта өтеді.

Көшбасшылар Орталық Азия елдері мен Үндістан арасындағы түрлі салалар бойынша ынтымақтастықты нығайтудың және кеңейтудің перспективаларын талқылайды. Берік Уәли

Жиын қорытындысы бойынша «Орталық Азия – Үндістан» атты бірінші саммиттің Декларациясы қабылданады деп күтілуде.

Еске салсақ, мемлекет басшысы 25 қаңтар күні "Орталық Азия – Қытай" саммитіне қатысты.

Аталған іс-шараға Қазақстан Президентінен бөлек, ҚХР төрағасы Си Цзиньпин, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов және Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қатысты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: