Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда мемлекеттік хатшының өкілеттігі өзгерді

Мемлекеттік хатшы, мемлекеттік хатшының міндеттері Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 25 қаңтардағы жарлығымен Қазақстан Республикасы мемлекеттік хатшысының өкілеттіктеріне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұрынғы қызметтерінен бөлек енді мемлекеттік хатшыға мынандай міндеттер жүктеледі:

  • мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша саяси партиялармен қарым-қатынаста президенттің мүддесін көздейді;

  • саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің және Жастар саясаты жөніндегі кеңестің қызметін үйлестіреді;

  • Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының қызметін қадағалайды;

  • «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын тағайындау бойынша жұмысты үйлестіреді.

    Сонымен қатар мемлекеттік хатшы мына қызметтерді атқарады:

    1) Қазақстан Республикасының президентіне ішкі саясат саласындағы стратегиялық ұсыныстарды әзірлейді;

    2) мемлекет басшысының атынан мемлекет басшысының мүддесін қорғайды:

  • Қазақстан Республикасының парламентімен және оның палаталарымен, өзге де мемлекеттік органдармен және қоғамдық бірлестіктермен қарым-қатынаста;

халықаралық қатынастарда;

3) мына қызметтерді үйлестіреді:

  • әлеуметтік-гуманитарлық сала мәселелері бойынша жұмыстарды: білім, ғылым, мәдениет және спорт;

  • Мемлекет басшысының жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың жұмысын;

  • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комиссиялардың, Мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссиялардың, Азаматтық комиссиялардың жұмысын;

  • Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Мемлекеттік Бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру жөніндегі комиссияның жұмысын;

  • Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдикасы мәселелері жөніндегі республикалық комиссия жұмысын;

  • Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия жұмысын;

  • Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты беру жөніндегі комиссия жұмысын;

  • Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы мемлекеттік сыйлығын беру жөніндегі комиссия жұмысын;

  • Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссия жұмысын;

  • Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия жұмысын;

  • Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі және жастар саясаты жөніндегі кеңес жұмысын.

    4) қоғамдық даму саласындағы мемлекеттік талдау құрылымдарының жұмысын үйлестіреді;

    5) Қазақстан Республикасы президентінің тапсырмаларына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

    Жарлық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

    Еске салайық, 2022 жылғы 5 қаңтарда Ерлан Қарин Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы болып тағайындалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз