Мемлекет басшысы Роман Скляр мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады

Президент қабылдауы, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.01.2022 16:31 Сурет: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаевқа елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде мәлімет берілді, деп хабарлайды Zakon.kz

Президентке әлеуметтік нысандардың құрылысы, газбен қамту ісі, үлескерлік құрылыс нысандарының аяқталуы және инвестиция тарту мәселелері туралы баяндалды.

Мемлекет басшысы әлеуметтік нысандар құрылысының көлемін ұлғайту, тозығы жеткен ескі тұрғын үйлерді сүру және жаңа тұрғын үй алаптарын дамыту қажет екеніне назар аударды. Жұмыс орындарын ашу және жастарды қолдау мәселесі басым міндеттердің бірі ретінде атап өтілді.

Биыл 10 мың әлеуметтік пәтер салынады. Соңғы үш жылда бұл көрсеткіш 3 еседен астам артқан. Биыл тағы да 40 көппәтерлі тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталады және кемінде 16 мектеп салынады.

Сонымен қатар кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа қаладағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға және вакциналауға бағытталған шаралар туралы баяндалды.

Президент елорданы одан әрі дамыту жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: