Жаңалықтар тізбегі
0

Президент «Лукойл» мұнай компаниясының басшысын қабылдады

Мұнай компаниясының басшысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.02.2022 13:26 Сурет: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаевқа мұнай компаниясының Қазақстандағы атқарып жатқан жұмыстарының қорытындылары және көмірсутегі секторындағы бірқатар бірлескен жобаларға қатысты жоспардың жүзеге асырылу барысы туралы есеп берілді, деп хабарлайды Zakon.kz

Вагит Алекперов Қазақстан Президентіне «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен «Лукойл» жария акционерлік қоғамы арасындағы Каспий теңізінің қазақстандық бөлігін игеру жөніндегі жобалар бойынша ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын айтты.

«Жеңіс» және «әл-Фараби» жобалары аясындағы жер қойнауын пайдалануға қатысты келісімшарттар жасалып, жұмыстар басталды. Сондай-ақ «Лукойл» мұнай компаниясы – «Қаламқас-теңіз» бен «Хазар» теңіз кен орындарын игеру жөніндегі стратегиялық серіктес.

Мемлекет басшысы қосалқы мердігерлік жұмыстарды жүзеге асыруға қазақстандық компаниялар мен жергілікті еңбек ресурстарын барынша тарту маңызды екенін атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: