Қанат Шөкенов Президент іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылды

ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.02.2022 17:56 Сурет: Zakon.kz
Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Қанат Шөкенов қызметінен босатылды

Бұл туралы Ақорда хабарламасында айтылды.

Мемлекет басшысының өкімімен Қанат Бейбітұлы Шөкенов Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысының орынбасары лауазымынан босатылды.Ақорда

Қанат Шөкенов 1981 жылы 17 тамызда дүниеге келген. Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясының Ақмола филиалын, Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.

Қанат Шөкеновтың еңбек өтілі:

  • ҚР Президентінің Әкімшілігі жүйесінде жұмыс істеген (2004-2008);

  • ҚР Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушісі, ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2008-2013);

  • ҚР Президенті Іс басқармасының ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімінің меңгерушісі (2013-06.2017);

  • Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы (26.06.2017-07.2018);

  • ҚР Президенті Іс Басқарушысының орынбасары (07.2018 ж. бастап)

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: