Президент халыққа 350 мың бас қойды тегін таратуды тапсырды
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев мал шаруашылығындағы басым міндеттерге арналған конференцияда биылдан бастап асыл тұқымды қой-ешкі сатып алуға, сүт, ет, жүн өңдеуге, жем-шөп цехтарын құруға жеңілдетілген несиелер берілетінін айтты. Бұл несиелер әкім көмекшілерінің ұсынысы бойынша халыққа 50 миллион сумға дейін және кепілсіз бөлінеді. Пайыздық төлемдердің жартысы өтеледі.
Мемлекет басшысы сонымен қатар кооперация негізінде халыққа 350 мың бас қой-ешкі таратуды тапсырған. Оған 100 миллион доллар бөлінгелі жатыр.
Өзбекстан президентінің баспасөз хатшысының мәліметінше, Шавкат Мирзиеев жобаларды дер кезінде іске қосумен қатар, қосымша мүмкіндіктер іздестіру және мал азықтық дақылдардың егіс алқабын кеңейту қажет екенін баса айтты.
Жыл аяғына дейін 123 ірі жоба қолға алынбақ.