Тоқаевқа бес мың жылдық антропологиялық тарихымыз жазылған кітаптар таныстырылды

Мемлекет басшысы Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық, Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойлары аясында халықаралық ұйымдармен бірлесіп, жоғары деңгейде өткізілетін іс-шаралар жайлы мәлімет берілді.
Президентке Халықаралық Түркі академиясы шығарған «Түркі әлемі атласы» мен бес мың жылдық антропологиялық тарихымызды баяндайтын кітаптар таныстырылды.
Сонымен қатар мемлекет басшысына Халықаралық түркі академиясының атқарып жатқан жұмыстары мен алдағы жоспары туралы баяндалды. Президент Халықаралық түркі академиясының бастамасына жоғары баға берді. Сонымен бірге осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыруды тапсырды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript