Тоқаев жаңадан сайланған Түрікменстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

Тоқаев, Бердімұхамедов, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.03.2022 18:36 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовті Президент сайлауындағы жеңісімен құттықтап, Түрікменстанның игілігі мен өркендеуі жолындағы оның аса жауапты мемлекеттік қызметіне мол табыс тіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сонымен қатар президент Гурбангулы Бердімұхамедовпен де сөйлесті. Қасым-Жомарт Тоқаев Сердар Бердімұхамедовті елімізге мемлекеттік сапармен келуге шақырды. Қазақстан Президенті Түрікменстан басшылығының қуатты әрі өркендеген мемлекет құру жөніндегі стратегиялық бағдарының сабақтаса жалғасатынына сенім білдірді.

Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Гурбангулы Бердімұхамедовті де сайлаудың сәтті өтуімен құттықтап, дауыс берушілердің іс-шараға белсенді қатысқанын айтты. Сонымен қатар Гурбангулы Бердімұхамедовтің саяси әрі өмірлік мол тәжірибесі Түрікменстанда және одан тыс жерлерде кеңінен сұранысқа ие бола беретініне сенім білдірді. 

Тараптар екі ел халықтарының арасындағы көп ғасырлық достыққа, тату көршілік пен өзара қолдауға негізделген байланыстарды жалғастыра отырып, Қазақстан мен Түрікменстанның стратегиялық ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға мүдделі екенін растады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: