Мемлекет басшысы сәулетші Жандарбек Мәлібекұлын мерейтойымен құттықтады

президент, құттықтауы, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.03.2022 11:53 Сурет: akorda.kz
Биыл - Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің бекітілгеніне 30 жыл. Ал бүгін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Елтаңбасының авторы, қоғам қайраткері, белгілі сәулетші Жандарбек Мәлібекұлы 80 жасқа толып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жандарбек Мәлібекұлының мерейтойымен құттықтап, жылы лебізі мен ізгі тілегін жеткізді.

Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өз Facebook парақшасында жариялады.

Мемлекет басшысы өз құттықтауында Елтаңба авторының Тәуелсіз Қазақстан мен елорданы құру және дамыту ісіндегі сіңірген еңбегін атап өтіп, оған зор денсаулық, шығармашылық шабыт және отбасына бақ-береке тіледі.

Айта кетейік, Наурыз мейрамы қарсаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Жандарбек Мәлібекұлын I дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: