Мирзағалиев Тоқаевқа КҚК жөндеу жұмыстарының жақын арада аяқталуы туралы баяндады
Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаевқа ұлттық компанияның қазіргі жұмыстары мен қаржылық жағдайы және алдағы кезеңдегі даму перспективалары туралы есеп берілді, деп хаюарлайды Zakon.kz.
Кездесу барысында Каспий құбыр желісі консорциумына қатысты ахуалға ерекше назар аударылды. Президентке айлақтың жылжымалы құрылғылар жүйесін жөндеу жұмыстарының жуырда аяқталатыны жөнінде баяндалды. Бұл Қазақстан мұнайын Каспий құбыр желісі консорциумы арқылы тасымалдаудың бұрынғы көлемін қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаевқа Атырау облысындағы полипропилен шығаратын кешен құрылысының барысы туралы мәлімет берілді. Мағзұм Мырзағалиевтің айтуынша, аталған зауыттың құрылысын жуық арада аяқтау жоспарланып отыр. Бұл мұнай-газ химиясының өнімі бойынша Қазақстанның нетто-экспортерге айналуына мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысы еліміздің мұнай-газ химиясы саласын дамытудың аса маңызды екенін айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript