Тоқаев: Жаңа Қазақстан, бұл - әділ Қазақстан
Сурет: akorda.kz
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «AMANAT» партиясының кезектен тыс XXIII съезінде «Жаңа Қазақстан қандай?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы оның тапсырмасы бойынша «Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жобасын дайындау жұмыстары кідіріссіз басталғанын» еске салды.
Негізгі Заңға өзгерістер енгізілмей, жоспарланған ауқымды қайта құруларды тиімді жүзеге асыру мүмкін емес екені анық. Біздің азаматтарымыз өздеріне «Жаңа Қазақстан дегеніміз не?» деген сұрақты жиі қояды. Менің ойымша, бұл сұраққа қысқа және нақты жауап беруге болады. Жаңа Қазақстан, шын мәнінде, Әділ Қазақстан. Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент «Конституцияға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар елдің саяси архитектурасын кешенді түрде қайта пішімдеуге, билік тармақтары арасындағы тежеу мен тепе-теңдіктің неғұрлым теңгерімді жүйесін құруға бағытталғанын» атап өтті.
Біз суперпрезиденттік басқару түрінен түбегейлі бас тартамыз, Парламент пен мәслихаттардың өкілеттігін күшейтеміз. Басым бағыттардың бірі – партиялық-саяси саланы жаңғырту. Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысының айтуынша, «елімізде жаңа партиялар пайда болады, ал бұрыннан барлар қазіргі тенденциялар мен азаматтардың талаптарына сай өз қызметін қайта қарап, құрылымдауға кіріседі».
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript