Тарбағатай ауданының әкімшілік орталығы Ақжар ауылына көшіріледі
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылымының кейбір мәселелері туралы» Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қаулы мәтіні Ақорда сайтында жарияланды:
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкімшілік орталығы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының Ақсуат ауылынан Ақжар ауылына көшірілсін. 2. Шығыс Қазақстан облысының құрамында: 1) Тарбағатай ауданының құрамынан бөлу жолымен әкімшілік орталығы Ақсуат ауылында орналасатын Ақсуат ауданы; 2) Көкпекті ауданының құрамынан бөлу жолымен әкімшілік орталығы Самар ауылында орналасатын Самар ауданы құрылсын, – делінген қаулы мәтінінде.
Сонымен қатар қаулыда Орталық мемлекеттік органдар, Шығыс Қазақстан облысының жергілікті өкілді және атқарушы органдары орталық мемлекеттік органдардың тиісті аумақтық бөлімшелерінің, жергілікті өкілді және атқарушы органдар мен ұйымдардың іркіліссіз және тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауға тиіс екені айтылған.
Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелді. Осы Жарлық 2022 жылғы 7 маусымнан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript