Президент үш соғыс ардагеріне «Халық қаһарманы» атағын берді

президент жарлыққа қол қойды, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.05.2022 09:00 Сурет: akorda.kz
Сондай-ақ, Төлеуғали Әбдібеков, Александр Несмиянов, Ибраим Сүлейменовтер ерекше марапат – «Алтын жұлдыз» және «Отан» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлы Отан соғысына қатысушыларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.

1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:

  • 8-ші гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясы 302-ші гвардия атқыштар полкі 2-ші атқыштар ротасының мергені Әбдібеков Төлеуғали Насырханұлы

  • 126-шы Горловка Қызылтулы атқыштар дивизиясы 690-шы атқыштар полкі 1-ші атқыштар батальонының командирі Несмиянов Александр Александрович

  • 100-ші бөлек атқыштар бригадасы атқыштар батальоны 2-ші бөлімшесінің мергені-бақылаушысы Сүлейменов Ыбырайым

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: