Ақорда Тоқаевтың тарихи сәттегі суреттерін жариялады

ЮНЕСКО, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2022 10:58 Сурет: akorda.kz
Сурет Парижде түсірілген. 30 жыл бұрын, 1992 жылы 22 мамырда Қазақстан ЮНЕСКО-ға мүшелікке өту сәтінде. ЮНЕСКО тізіміне енген еліміздің алғашқы нысаны Қожа Ахмет Яссауи кесенесі болатын, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін Қазақстанның ЮНЕСКО-ға мүше болғанына – 30 жыл. Осыған орай Ақорда тарихи суреттерді жариялады.

1992 жылы 22 мамырда ЮНЕСКО-ға мүше болу туралы актіге қол қойылғаннан кейінгі Қасым-Жомарт Тоқаев пен ЮНЕСКО-ның Бас хатшысы Федерико Майордың бірге түскен суреті, Париж.

Сурет: akorda.kz

Қазақстанда ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра тізіміне енгізілген бес нысан бар:

  • Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, 2003 жыл.

  • Тамғалы археологиялық тас петроглифтері кешені, 2004 жыл.

  • Жібек жолы: Чанъань-Тянь-Шань дәлізі бағдарламасының желісі, 2014 жыл.

  • Сары-Арқа - Солтүстік Қазақстанның даласы мен көлдері, 2008 жыл.

  • Батыс Тянь-Шань, 2016 жыл.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: