Бішкекте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филиалы ашылды

Ресми сапар, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.05.2022 20:53 Сурет: akorda.kz
Қазақстан Президентінің Қырғызстанға жасаған ресми сапарының бағдарламасы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Садыр Жапаровтың Бішкекте Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті филиалының ашылу рәсіміне қатысуымен аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаев екі мемлекеттің басшыларына университет аудиторияларын көрсете жүріп, оқу ордасының білім беру және ғылыми жобалары, соның ішінде қырғыз студенттері үшін грант бөлу жоспары туралы айтты, деп хабарлайды Ақорда.

Сурет: akorda.kz

Университетті аралап көру барысында президенттер жоғары оқу орнының оқытушы-профессорлар құрамымен және ҚазҰУ-дің  қырғызстандық түлектерімен әңгімелесті.

Сурет: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев «Құрметті қонақтар кітабына» қолтаңбасын қалдырды.

Сурет: akorda.kz

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: