Президент балаларды мерекесімен құттықтады
Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтап, өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау – мемлекетіміздің басты міндеті екенін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президенттің құттықтауы Ақорданың ресми сайтында жарияланды.
Халықаралық балаларды қорғау күні – ерекше қуаныш пен мейірімге толы шуақты мейрам. Баланың күлкісі мен бақытынан артық ештеңе жоқ екенін осы мерекеде бәріміз айқын сезінеміз. Өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі.ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысы заманауи мектептер мен жайлы балабақшалар салынып, инновациялық орталықтар, оқушылар сарайлары мен спорт кешендері ашылып жатқанын, үйірмелер мен секциялар ұйымдастырылғанын атап өтті.
«Балалар жылы» аясында көптеген жаңа жобалар қолға алынды. Әрбір баланың талабын ұштап, дарынын ашуды көздейтін түрлі іс-шаралар жүзеге асырылуда. Мемлекет жылдан жылға бұл бағыттағы жұмысты күшейте түседі. Өйткені, жас ұрпақтың мықты азамат болып өсуі еліміздің тұрақты дамуына және баянды болашағына жол ашады. Жас қазақстандықтарды және барша жұртты осы жарқын мерекемен құттықтаймын!Қасым-Жомарт Тоқаев
Бұл мереке 1949 жылы Әйелдердің халықаралық демократиялық федерациясы конгресінің шешімімен белгіленді. 1950 жылдан бері тұрақты аталып өтіп келеді.
Алғаш рет мұндай мерекені құру идеясы 1925 жылы Женевада балалардың әл-ауқатына арналған дүниежүзілік конференцияда айтылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript