Президент Орталық Азия экологиялық зерттеулер институтына барды
Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев әлемдік заманауи технологиялармен жабдықталған институттың жаңа ғимаратына барып, мекеме жұмысымен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы ақпаратты Ақорданың ресми сайты жариялады.
Президентке институт жұмысындағы мұнай-химия өнеркәсібінің қалдықтарын қайта өңдеу, су қоймаларын тазалау және су қорын жинау, Каспий итбалығын зерттеу және оңалту сияқты 3 негізгі бағыт таныстырылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий итбалығының азайып кету себебін зерделеп, осы бағытта іргелі зерттеулер жүргізу қажет екенін атап өтті. Президент осы өзекті мәселені өз бақылауына алатынын айтты.
Мемлекет басшысына өзекті экологиялық мәселелерге қатысты бірқатар технология әзірленгені жөнінде баяндалды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript

