Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысының өтетін күні белгілі болды

Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысының өтетін күні белгілі болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.06.2022 18:06 Сурет: wikimedia
ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин Ұлттық құрылтайдың бірінші отырысының өтетін күнін жариялады. Ол 16 маусымда Ұлытау өңірінде өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Ерлан Қарин өзінің Telegram-дағы каналында хабарлады.

Ұлттық құрылтайдың алғашқы жиыны 16 маусымда жаңадан құрылған Ұлытау өңірінде өтеді. Бұл консультативтік-кеңесші органның құрамында Парламент депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясының, азаматтық қоғам мен саяси партиялардың өкілдері, кәсіпкерлер мен белгілі сарапшылар, сонымен қатар өңірлік қоғамдық кеңестердің мүшелері болады.Ерлан Қарин

Оның айтуынша, жиынның маңызды міндеттерінің бірі – әлеуметтік консолидацияны одан әрі дамыту үшін идеялар мен қадамдарды әзірлеу.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: