Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекет басшысына заң шығару жұмысы жөнінде баяндалды

Тоқаев Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәжіліс спикері Президентке конституциялық реформаларды одан әрі нақты жүзеге асыруға қатысты алдағы заң шығару жұмыстары жөнінде баяндады.

Парламенттің төменгі палатасының төрағасы Мемлекет басшысына Мәжіліс депутаттары мен «AMANAT» партиясының мүшелері референдумның мән-маңызын түсіндіру науқаны барысында азаматтардан 20 мыңнан астам өтініш жинағанын айтты. Үкіметпен бірлесе отырып, қазақстандықтардың барлық ұсынысы мен көтерген мәселелері пысықталады және заң шығару жұмысы кезінде ескеріледі.

Сонымен қатар Ерлан Қошанов Қасым-Жомарт Тоқаевқа Қазақстан делегациясының 6 маусымда Ереванда өткен ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы кеңесінің көшпелі отырысына қатысқаны жөнінде айтты.

Аталған жиын барысында ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы халықаралық бақылаушылар миссиясы жұмысының қорытындысы жарияланды және елімізде өткен референдум ұлттық заңнамаға толық сай келеді деп танылды.

Сонымен қатар Парламенттік Ассамблея халықаралық және аймақтық деңгейде қауіпсіздік мәселесін шешу үшін БҰҰ аясында Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы бітімгерлік әлеуетінің даму барысын талқылады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: