Тағы бір маңызды міндет – әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау
Сурет: pixabay
Мемлекет басшысы үкіметке және әкімдіктерге әйелдер мен балаларға кешенді қолдау көрсететін орталықтарды бүкіл ел аумағында ашып, ауқымын кеңейтуді тапсырды. Бұл туралы ол Қазақстан полициясының 30 жылдығына арналған салтанатты жиында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әйелдер мен балаларды зорлық-зомбылықтан қорғау Қазақстан полициясының маңызды міндеттерінің бірі екенін айтқан президент министрлікте осындай істерді тергеумен айналысатын арнаулы бөлім қайта ашылғанын тілге тиек етті.
Менің тапсырмам бойынша биыл әйелдер мен балаларға кешенді қолдау көрсететін орталықтар құрылды. Бұл орталықтар қазір пилоттық режимде жұмыс жасап тұр. Онда психологиялық, құқықтық және медициналық көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, тиісті сараптамалар жасалады. Арнайы даярлықтан өткен тергеуші әйелдер зардап шеккен жандарға жәрдем береді. Жалпы, бұл орталықтар тиімді жұмыс істеп жатыр, – деді президент салтанатты жиында сөйлеген сөзінде.
Мемлекет басшысы мұндай орталықтарды бүкіл ел аумағында ашып, ауқымын кеңейту керек екенін айтып, үкімет пен әкімдерге осы жұмысты қолға алуды тапсырды.
Біз аналар мен балалардың бақытты өмір сүруі үшін барлық жағдайды жасауымыз қажет. Сол арқылы өркениетті, дамыған елдің берік тұғырын қалыптастырамыз.ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript