Тоқаев пен Путин көлік-логистикалық қатынастар туралы сөйлесті
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин екі ел арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жағдайына көңілдері толатынын айтты.
Қазақстан президенті екі мемлекет арасындағы экономикалық, көлік-логистикалық қатынастардың өзекті мәселелерін шешуге бағытталған үкіметтердің өзара жедел іс-қимылына оң баға берді, – делінген Ақорданың ресми сайты таратқан ақпаратта.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript