Тоқаев: Инфляция 2015 жылғы деңгейден асып түсті
Сурет: Zakon.kz
Инфляция 14,5 пайызға жетіп, 2015 жылғы деңгейден асып түсті. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Күрделі геосаяси сын-қатерге қарамастан, еліміз бір қалыпты дамып келеді. Мұны жарты жылдық нәтижеден көріп отырмыз, – деді президент үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде.
Оның айтуынша, экономика 3,4 пайызға, ал нақты сектор 4,1 пайызға өсті. Әсіресе, өңдеу өнеркәсібі саласында айтарлықтай ілгерілеу бар.
Президент инфляция да бір орында тұрмағанын атап өтті. Оның сөзінше, қазір бұл көрсеткіш 14,5 пайызға жетіп, 2015 жылғы деңгейден асып түсті.
Халықаралық институттар әлемдік экономика қарқыны бәсеңдейді деген болжам айтуда. Соған сәйкес инфляция жаппай өсуі мүмкін. Өңірлік дағдарыстың ұзаққа созылып бара жатқанын байқап отырмыз. Тіпті, бұл ахуал жаһандық тоқырауға ұшыратады деген қауіп бар. Осындай жағдайда үкіметтің және Ұлттық банктің негізгі міндеті – инфляцияны тұрақтандырып, азаматтардың табысын арттыру болуға тиіс. Сондай-ақ, жаңа жұмыс орындарын ашу қажет.ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент инфляцияның шарықтап кетуі ең күрделі мәселе болып тұрғанын айтты. Оның сөзінше, бағаның өсуіне азық-түлік инфляциясы әсер етті. Оның деңгейі 19,2 пайызға жетті.
Жалпы, азық-түліктің кейбір түрі бірден 80 пайызға қымбаттады.
Мемлекет басшысы үкіметтің бағаны тұрақтандыруға бағытталған шаралары тиімсіз болып шыққанын айтып, үкіметтің жұмысын сынға алды.
Үкімет инфляцияны ескі әдіс-тәсілмен тоқтатқысы келеді. Оның өзінде бюджеттен қосымша қаражат бөліп, бағаны жасанды түрде ғана реттеп отыр. Яғни, қымбатшылықтың себебімен емес, салдарымен күрес жүріп жатыр. Ал, шын мәнінде, керісінше болуы керек. Үкімет бар жауапкершілікті өңірлерге артып қойды. Олар әкімшілік ресурсты пайдаланып, дүкендерді аралап жүр, басқа тәсілдер және жаңа идеялар жоқ. Мұндай жұмыс ешқашан тиімді болған емес. Бір сөзбен айтқанда, нарық заңдылығына сай келетін жаңа ұстаным жоқ. Қасым-Жомарт Тоқаев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript