Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев: Мемлекеттік бюджетті тиімді басқару Үкіметтің алдында тұрған басты міндет

Президент мемлекеттік бюджетті тиімді басқаруды тапсырды, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2024 11:02 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Үкіметтің кеңейтілген отырысында соңғы бес жыл ішінде бюджет тапшылығы 11 триллион теңгеден асып кеткеніне тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президенттің сөзінше, қазір бюджет және салық саясатының тиімділігін барынша арттыру қажет. Және мемлекеттік бюджетті тиімді басқару және оның өлшемдерін неғұрлым дұрыс болжау Үкіметтің алдында тұрған басты міндет болып қала береді.
"Қазақстанда түпкі мәні өзгеріп кеткен қосылған құн салығының өзін реформалау қажет. Оны 12 пайыздан 16 пайызға дейін көтеру мәселені шешпейді. Сарапшылар қосылған құн салығын көтеру көлеңкелі экономиканың үлесін арттырып, инфляцияның өсуіне әкеп соқтыруы ықтимал деп орынды пікір білдіріп жатыр. Бұл қадам еліміздің инвестициялық тартымдылығына да кері әсер етуі мүмкін." Президент

Бұрынғы Үкімет Ұлттық қордан бөлінетін трансферттің орнына салықты көтеріп, қазынаға қосымша қаржы түсіреміз деген уәжді алға тартатын. Жаңа Салық кодексін әзірлеу барысына Мемлекет басшысы ретінде менің көңілім толмайды, -деді мемлекет басшысы.


Қазақстан үкіметі 2024 жылдың 5 ақпанында отставкаға кетті. Премьер-министрдің міндетін уақытша Роман Скляр атқарды.


Ақпанның 6-сы күні Ерлан Қошанов "Аманат" партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаевқа Олжас Бектеновтің кандидатурасын ҚР Премьер-министрі лауазымына ұсынуды ұсынды. Кейін Елбасы Олжас Бектеновтың қатысуымен өткен ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында ол еліміздің Премьер-Министрі лауазымына бекітілді. Бұдан кейін мемлекет басшысы тиісті жарлыққа қол қойды.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: