Қамбар-Ата МЭС-1 Орталық Азия елдерінің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтады – Тоқаев

Қамбар ата МЭС-1, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.07.2022 12:44 Сурет: pixabay
Орталық Азия мемлекеттері басшыларының IV Консультативтік кездесуінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев біздің еліміз бірлескен гидроэнергетикалық жобаларды жүзеге асыруға ерекше мән беретінін атап өтті. Әңгіме трансшекаралық өзендердің су ресурсы туралы болып отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қырғызстандағы Қамбар-Ата МЭС-1 құрылысының жобасы қызу талқыланып жатыр.

Су электр станциясы Орталық Азия елдерінің энергетикалық қауіпсіздігін нығайтады, ауыл шаруашылығы өндірісін кеңейту үшін жағдайды жақсартады. Сонымен қатар біз халықаралық Аралды құтқару қоры аясындағы елдердің өзара іс-қимылын нығайтуға шақырамыз.Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы қырғыз тарапының ұйымдық құрылымы мен құқықтық базасын жетілдіру жөніндегі өңірлік жұмыс тобына қатысуын оң бағалады.

Біз осы қор аясында қырғыз тарапымен толыққанды ынтымақтастықтың қайта жандануына сенім білдіреміз.Қасым-Жомарт Тоқаев
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: