Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Орталық Азия елдерінің маңызды артықшылығын атады

Тоқаев Орталық Азия елдерінің маңызды артықшылығын атады, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2023 17:29 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері басшыларының V Консультативтік кездесуіндегі баяндама жасап, Орталық Азия елдерінің маңызды артықшылығын атады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президент "елдеріміздің көлік-логистикалық әлеуетін толыққанды іске асыру шын мәнінде, аймақтың қарқынды дамуы үшін тірек бағыты бола алатынын" аатап өтті.

"Біз әлемде жаңа экономикалық географияның қалыптасып жатқанына куә болып отырмыз. Қытай, Еуропа, Ресей, Таяу Шығыс бағыттарындағы сауда-саттық ауқымы ұлғаяды деген болжам бар", - деді президент.

Мемлекет басшысы Орталық Азия Солтүстік пен Оңтүстікті, Батыс пен Шығысты байланыстыратын жаһандық жолдардың торабында орналасқанын еске сала келіп,  "бұл – аймақтың келешегіне кең жол ашатын елеулі артықшылығымыз " екенін атап өтті.

"Қазіргі кезеңде Транскаспий халықаралық көлік бағдары ерекше рөл атқарады. Орта мерзімді перспективада аталған дәліз арқылы жүк тасымалдау көлемі бес есе ұлғаюы мүмкін. Біз цифрлық шешімдер енгізу және инфрақұрылымды жаңғырту арқылы оның өткізу қабілетін жоспарлы түрде арттыруға ниеттіміз".Қасым-Жомарт Тоқаев

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: