Тоқаев БҰҰ Бас ассамблеясы 76-сессиясының төрағасымен кездеседі

Тоқаев, БҰҰ Бас ассамблеясы, БҰҰ, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.08.2022 10:00 Сурет: Zakon.kz
Қазақстанның президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 11 тамыз күні БҰҰ Бас ассамблеясы 76-сессиясының төрағасымен кездеседі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ақпарат Ақорданың telegram арнасында жарияланды.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ақорда» резиденциясында БҰҰ Бас ассамблеясы 76-сессиясының төрағасы Абдулла Шахидпен кездеседі, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Абдулла Шахид Қазақстанда 13 тамызға дейін болады.

Бұған дейін оның сапар барысында жоғары лауазымды тұлғалармен кездесетіні хабарланған болатын. Келіссөздер барысында пандемиядан қалпына келтіру, тұрақты даму, климаттық дағдарыс және Біріккен Ұлттар Ұйымының жұмысын жандандыру сияқты өзекті тақырыптар талқыланады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: