Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Ядролық медицина орталығын аралады

Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.08.2022 14:59 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Президентінің Іс Басқармасы Медициналық oрталығының ауруханасына барып, жаңа нысандары – Ядролық медицина орталығы мен емдік-диагностикалық блокпен танысты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әуелі мемлекет басшысына қыркүйек айында ашылатын Ядролық медицина орталығының диагностика блогы таныстырылды. Ядролық медицина орталығының іске қосылған кезде диагнозын қою қиын қатерлі ісік ауруларын, сонымен қатар кардиология және неврология ауруларын ерте кезеңінде анықтайды. Заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген жаңа орталықтың қызметі емделуге жолдама берілген әр қазақстандыққа ортақ.

Бұл орталықтың ерекшелігі – қазір әлемдік медицина индустриясында қолжетімді позитронды эмиссиялық компьютер томографиясы. Сканерлеу жылдамдығы жоғары бұл аппарат диагноз қою сапасын арттырады. ПЭТ/КТ зерттеуінен өтетін пациенттердің санын жылына 3 мыңнан 7 мыңға дейін арттырады. Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта бұл аппараттың Орталық Азия мен ТМД елдерінде баламасы жоқ.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа циклотронды-өндірістік кешен мен диагностикалық блоктан тұратын бірегей Ядролық медицина орталығының басқа да мүмкіндіктері туралы баяндалды. Атап айтқанда циклотронды кешен арқылы 9 радиофармпрепарат өндірісіне жол ашылмақ. Қазақстанда бұл препараттардың сегізі бұрын өндірілмеген.

Мемлекет басшысы жаңа емдеу-диагностикалық блокты аралап көрді. Бұл жерде күрделі ауруларға шалдыққан науқастарды емдеу мен оңалтудың тәсілдері арқылы 7 терапиялық бөлімше жұмыс істейді.

Президент дәрігерлермен және ғалымдармен пікірлесіп, Ядролық медицина орталығының қызметі бүкіл еліміз үшін айтулы оқиға болатынын айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев орталық қызметі азаматтардың денсаулығын жақсартуға және қазақстандықтар үшін заманауи медициналық технологиялардың қолжетімдігін арттыруға қызмет ететініне сенетінін жеткізді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: