Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекет басшысы қымбат мүлік сатып алуға жаңа салық енгізуді ұсынды

Мемлекет басшысы қымбат мүлік сатып алуға жаңа салық енгізуді ұсынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.09.2022 11:25 Сурет: pixabay
Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысы басталды. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрақты экономикалық өсу нақты, болжамды салық саясатына тікелей байланысты екенін айтты. Оның сөзінше 2023 жылы жаңа "Салық кодексі"дайындалады.

Фискалдық реттеуді қалпына келтіру мақсатында 2023 жылы жаңа "Салық кодексі"дайындалады. Оның ең проблемалы блогы – салықтық әкімшілендіруді толығымен жаңарту қажет. Сонымен қатар кез келген бетпе-бет өзара әрекеттесуді болдырмай, салықтық бақылауды толық цифрландыруды қамтамасыз ету қажетПрезидент

Сонымен қатар Тоқаев Салық реформасының бөлігі ретінде "байлық салығы" деп аталатын салықты енгізуді қарастыру қажет екенін айтты. Ол қымбат жылжымайтын мүлік, көліктер сатып алу үшін алынады және орта тапқа әсер етпейді.

Өркениетті сауданы дамыту үшін барабар мөлшерлемелері мен қарапайым рәсімдері бар бөлшек салықты қолдануды кеңейту қажет. Салық реформасының бөлігі ретінде "байлық салығы" деп аталатын салықты енгізуді қарастыру маңызды. Ол қымбат жылжымайтын мүлік, көліктер сатып алу үшін алынады және орта тапқа әсер етпейді.Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент автокөліктерді әкелудің барлық заңсыз арналарына тосқауыл қою үшін шешуші шаралар қабылдау қажет екенін айта кетті.

Болашақта автокөліктерді әкелудің барлық заңсыз арнасына тосқауыл қою үшін шешуші шаралар қабылдау қажет. Сонымен қатар биыл 1 қыркүйекке дейін әкелінетін мұндай көліктерге қатысты жағдайды реттеу қажет. Оларды заңдастыру үшін 200-250 мың теңгеден аспайтын мөлшерде кәдеге жарату және бастапқы тіркеу үшін біржолғы алым алуды ұсынамын. Бұл шара іздеуде жоқ және кедендік "рәсімнен" өткен автокөліктерге қатысты болуы керек.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: