Асқар Омаров "Орталық коммуникациялар қызметінің" директоры болды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Асқар Омаров Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымынан босатылып, жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Қуанышұлы Омаров Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына тағайындалды, - делінген Ақорда хабарламасында.
Ол мемлекет басшысының Жарлығымен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымынан босатылды.
Сонымен қатар мемлекет басшысының өкімімен Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымынан босатылды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript