Асқар Әмірханов ҰҚК төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры болды

Кадрлық тағайындау, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2023 18:05 Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Баймерденұлы Әмірханов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Сыртқы барлау қызметінің директоры болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Асқар Әмірханов 1993 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. 

Оған 2020 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен ұлттық қауіпсіздік генерал-майоры атағы берілді.

1995-2004 жылдары ұлттық қауіпсіздік органдарында офицерлік лауазымдарда қызмет атқарды.

2004-2022 жылдары – ұлттық қауіпсіздік органдарында басшылық лауазымдарда қызмет атқарды.

2022 жылғы қаңтардан бастап ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары болып табылады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: