Тоқаев Американың ірі еврей ұйымдары конференциясы төрағасының атқарушы орынбасарын қабылдады

Тоқаев кездесуде, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.09.2022 14:35 Сурет: akorda.kz
Кездесуде Қазақстан президенті мен Американың ірі еврей ұйымының басшысы Малькольм Хонлайн діндер мен мәдениеттердің жаһандық диалогын тереңдету мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы форумға белсенді қатысқаны үшін мейманға алғыс айтып, қоғамның дәстүрлі негіздерін сақтаудың маңыздылығын атап өтті.

Сонымен қатар Тоқаев бұл игі іс адамдардың сенімі мен рухани ілімін ұдайы нығайтатын барлық конфессияға тән екеніне сенім білдірді.

Өз кезегінде Малкольм Хонлайн Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезін өткізудің өзектілігі мен форумның дінаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесін атап өтті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: