Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында қарсы алды
Сурет: akorda.kz
Мәртебелі қонақтың құрметіне әуежайда құрмет қарауылы сап түзеп тұрды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізге мемлекеттік сапармен келген Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпинді елорда әуежайында қарсы алды.
Рәсім аяқталғаннан кейін кортеж Ақорда сарайына бағыт алды. Онда Қазақстан мен ҚХР көшбасшылары қазақ-қытай стратегиялық серіктестігін жан-жақты нығайту перспективаларын талқылайды.
Келіссөз қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript