Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев діндердің бітімгершіл әлеуетін дұрыс пайдалануға шақырды

Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.09.2022 16:58 Сурет: akorda.kz
Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 7-съезі аяқталды. Форумға қатысушылар алдында сөйлеген сөзінде Қасым-Жомарт Тоқаев баршаның мақсаты бір – өркениет келісімін орнату, бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қорытынды сөзді Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ және ағылшын тілдерінде айтты.

Қазақ жері екі күннен бері түрлі мәдениеттердің сындарлы сұхбат орталығына айналды. Дүние жүзіндегі беделді дінбасылар бір шаңырақтың астына жиналды. Сіздер барша адамзаттың күш-жігерін ортақ мүддеге жұмылдыру үшін әлемнің әр түкпірінен келіп отырсыздар. Осының өзі дінаралық келісім мен ынтымақтастықтың қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Шын мәнінде, бәріміздің мақсатымыз – бір. Бұл – өркениеттер үндестігін орнату және бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту. Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы съезде көптеген салмақты ой, салиқалы пікір айтылғанын еске салды. Президент оның бәрі біздің үйлесімді әлем құру жолындағы іс-әрекетімізге оң ықпалын тигізеді деп санайды.

Мен алқалы жиынға арнайы келген әлемдік деңгейдегі рухани көшбасшыларға зор алғыс айтамын. Сонымен қатар біздің бастамамызға қолдау көрсеткен саясаткерлер мен халықаралық ұйым өкілдеріне шынайы ризашылығымды білдіремін. Форумды өткізуге белсене атсалысқан дипломаттарға, волонтерлерге, журналистер мен басқа да азаматтарға рақметімді айтқым келеді.Мемлекет басшысы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: