Жаңалықтар тізбегі
0

ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінде Самарқанд декларациясы қабылданды

Тоқаев отырыста Сурет: akorda.kz
Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінде Самарқанд декларациясы қабылданды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстан президенті ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысына қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде Шанхай ынтымақтастық ұйымын дамытудың басым бағыттарына тоқталды

Сонымен қатар жиынға Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев, Үндістан премьер-министрі Нарендра Моди, ҚХР Төрағасы Си Цзиньпин, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф, Ресей президенті Владимир Путин, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон қатысты.

ШЫҰ жанындағы бақылаушы мемлекеттер басшылары мен саммиттің құрметті қонақтары – Беларусь президенті Александр Лукашенко, Иран президенті Ибрахим Раиси, Моңғолия президенті Ухнаагийн Хурэлсух, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған және ШЫҰ Бас хатшысы Чжан Мин, ШЫҰ Өңірлік террорға қарсы құрылымның Атқарушы комитетінің директоры Руслан Мирзаев және БҰҰ Бас хатшысының саяси мәселелер жөніндегі орынбасары Розмари Дикарло сөз сөйледі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: