Жаңалықтар тізбегі
0

Халықаралық Қызыл Крест комитетінің басшысы Қазақстандағы реформаларға баға берді

Кездесу, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.09.2022 20:43 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясы 77-сессиясының аясында Халықаралық Қызыл Крест комитетінің Президенті Питер Маурермен кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жүздесуде Қазақстан мен Халықаралық Қызыл Крест комитеті арасындағы ынтымақтастықты нығайту перспективалары қарастырылды. Сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай талқыланды.

Қасым-Жомарт Тоқаев қызметінен кетіп жатқан Питер Маурерге ұйымды басқарған соңғы он жылда табысты жұмысы мен біздің елімізбен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін ризашылық білдірді.

Питер Маурер өзінің қызметін жоғары бағалағаны үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты. Халықаралық ұйым төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев басшылығымен елде жүзеге асырылып жатқан ауқымды реформалардың маңыздылығын және Халықаралық Қызыл Крест комитетімен ынтымақтастықты дамытуға қосқан үлесін атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: