Қасым-Жомарт Тоқаев ұстаздар қауымын кәсіби мерекесімен құттықтады
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қазақстанда мұғалімдер мәртебесін арттыруға алда да басымдық беріле түсетінін атап өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Президент ұстаз деген қасиетті мамандық екенін айтады.
Бәріміз ұстазды сыйлаймыз. Бәріміз мектепте оқыдық. Ұстаз деген біз үшін өте жоғары деңгейдегі тұлға. Қасым-Жомарт Тоқаев
Мемлекет басшысының айтуынша, ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты.
Шәкірттеріне тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Барша ұстаз қауымының деніне саулық, жұмысына табыс тілейміз! Қасым-Жомарт Тоқаев
Мұғалімдер күні елімізде қазан айының бірінші жексенбісінде атап өтіледі. 2022 жылы айтулы бұл мереке 2 қазанға тұспа-тұс келді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript