Президент Павлодар – Астана тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіруді тапсырды

ҚР президенті, Павлодар, Астана-Павлодар әуе қатынасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.10.2022 16:29 Сурет: Zakon.kz
Павлодар облысы жұртшылығымен кездесуде сөйлеген сөзінде мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке жыл соңына дейін Павлодар – Астана бағыты бойынша тұрақты рейстерді қалпына келтіруді тапсырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ президент жергілікті әуежайдың ұшу-қону жолағын жөндеу мәселесін пысықтау керек екенін айтты.

Павлодар облысының экономикасын дамытуға өзге өңірлермен әуе қатынасын орнату айрықша ықпал ететіні анық. Қазір облыс орталығынан Астананың өзіне тікелей ұшақ ұшпайды. Үкімет жыл соңына дейін Павлодар – Астана бағытындағы тұрақты әуе қатынасын қалпына келтіруі керек. Қасым-Жомарт Тоқаев

5 қазанда мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Қарағанды ​​облысынан Павлодар облысына келді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: