Жаңалықтар тізбегі
0

Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаевтың апталық жұмыс кестесін жариялады

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.10.2022 10:18 Сурет: akorda.kz
Келесі аптада президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтетін халықаралық іс-шаралар туралы хабарлама жарияланды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алдағы аптада бірқатар халықаралық іс-шараға қатысады.

11-12 қазанда Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Танидың Қазақстанға мемлекеттік сапары жоспарланған.

12-13 қазанда Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған елімізге мемлекеттік сапармен келеді.

13 қазанда Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтеді. Шара аясында президент мемлекеттер мен үкіметтер басшыларымен, сонымен қатар халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен бірқатар екіжақты кездесу өткізеді.

14 қазанда елордамызда президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен ТМД мемлекеттері басшылары кеңесі және «Орталық Азия – Ресей» саммиті жоспарланған.

15 қазанда Қазақстанға Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов мемлекеттік сапармен келеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: