Қазақстан президенттігіне кандидаттарды ұсыну аяқталды. Үміткерлер тізімі

сайлау, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.10.2022 18:43 Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда 11 қазан күні сағат 18.00-де ел президенттігіне кандидаттарды ұсыну аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осы уақытқа дейін Орталық сайлау комиссиясы президенттік сайлауға қатыса алатын бес кандидатты анықтады:

  • Қасым-Жомарт Тоқаев, қазіргі мемлекет басшысы.

  • Нұрлан Әуесбаев, оппозициялық Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының (ЖСДП) өкілі.

  • Мейрам Қажыкен, Amanat республикалық кәсіподақтар бірлестігі ұсынған.

  • Жигули Дайрабаев – "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясынан кандидат.

  • Қарақат Әбден – "Кәсіби әлеуметтік қызметкерлердің ұлттық альянсы" республикалық қоғамдық бірлестігінен.

Тағы жеті президенттікке кандидат ОСК-ға құжаттарын тапсырды. Олардың құжаттары әлі қаралып жатыр.

  • Жұматай Әлиев, "Халық демографиясы" қоғамдық бірлестігінен.

  • Талғат Ерғалиев, Қазақстан құрылысшылар одағынан.

  • Нұржан Әлтаев, "Мұқалмас" республикалық қоғамдық бірлестігінен.

  • Салтанат Тұрсынбекова, "Қазақ аналары – дәстүрге жол" республикалық қоғамдық бірлестігінен.

  • Хайрулла Ғабжалилов, "Асар" оралмандар қауымдастығы" ҚБ ұсынған.

  • Бақыт Жаңабаев, "Қазақстан әуесқой футболшыларының" қоғамдық бірлестігінен.

  • Фатима Бизақова, "Тәжірибелік психология" қоғамдық бірлестігінен.

Жалпы, мемлекет басшылығына 12 адамның кандидатурасы ұсынылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: