Тоқаев АӨСШК Қаржы саммитін тұрақты алаңға айналдыруды ұсынды

Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2022 10:40 Сурет: akorda.kz
Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті басталды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевт Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитін ашып, сөз сөйледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мен АӨСШК Қаржы саммитін тұрақты алаңға айналдыруды ұсынамын. Қаржы саммиті Қытай Халық Республикасының бастамасымен АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің қаржы саласындағы ынтымақтастығын жандандыру мақсатында өтті.Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысының айтуынша, қаржы саммитінің трансформациясы экономиканы қалпына келтіруге, тұрақты және инклюзивті дамуға, Кеңес аясында өңірлік және субөңірлік қаржылық ынтымақтастық үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал етеді.

АӨСШК кеңістігінде Шанхайда, Дубайда және осында Астанада ірі қаржы орталықтары табысты жұмыс істеуде. Белгіленген міндеттерді шешу үшін олардың әлеуетін толық пайдалануға болады, - деді президент.
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: