Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан мен Пәкістан арасындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды

Қазақстан, Пәкістан, АӨСШК, АӨСШК саммиті, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.10.2022 14:50 Сурет: akorda.kz
Қазақстан президенті Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифпен кездесті. Әңгімелесу барысында Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда-экономика және инвестиция салаларындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК саммитіне қатысу мақсатында Астанаға келіп, ұйымды одан әрі институционалды тұрғыда дамытуға бағытталған еліміздің бастамаларын қолдағаны үшін Пәкістанның үкімет басшысына ризашылығын білдірді.

Президент Пәкістанды "Қазақстанның Оңтүстік Азиядағы негізгі серіктестерінің бірі" деп атады. Сонымен қатар екі ел арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың даму қарқынына көңілі толатынын айтты.

Кездесуде көлік, транзиттік логистика және энергетика салаларында ынтымақтастық орнатудың перспективалары қарастырылды. Екі ел арасындағы тікелей әуе қатынасын жақын арада қалпына келтіруге, сондай-ақ Сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның жұмысын жандандыру маңызды екеніне назар аударылды.

Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шариф Қасым-Жомарт Тоқаевқа Пәкістан президенті Ариф Алвидің сәлемін жеткізіп, мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: