Сердар Бердімұхамедовты Ақордада салтанатты түрде қарсы алды
Сурет: akorda.kz
15 қазанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедовпен Ақордада кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Түркіменстан көшбасшысы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді.
Ақорда резиденциясында Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовті салтанатты түрде қарсы алу рәсімі Қазақстан президенті баспасөз қызметінің Facebook парақшасында жарияланды.
Сердар Бердімұхамедов Астанаға 14 қазанда келді. Әуежайдан оны ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов қарсы алды.
Түркіменстан көшбасшысы ТМД мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысына және "Ресей - Орталық Азия" саммитіне қатысқаны хабарланған болатын.
Cапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов екіжақты келіссөз өткізіп, маңызды құжаттарға қол қояды деп жоспарланып отыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript