Жаңалықтар тізбегі
0

Президент жолдауын жүзеге асыру үшін шамамен 220 миллиард теңге қажет

ақша, теңге, бюджет Сурет: Zakon.kz
Мәжіліс депутаттары Қасым-Жомарт Тоқаевтың 1 қыркүйектегі Жолдауында берген тапсырмасын жүзеге асыру үшін шамамен 220 млрд теңге сұрап отыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Депутаттар бюджет шығыстарын 1,7 триллион теңгеден астамға арттыруды ұсынды.

Мәжіліс депутаты Анатолий Бойчин атап өткендей, депутаттар шығыстарды ұлғайтуды ұсынып отырған негізгі салалар – білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік және коммуникация, мәдениет және спорт.

Жалпы 2023 жылға мынадай түзетулер ұсынылды:

  • Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыруға 219,9 млрд теңге;

  • Әлеуметтік кодекс шеңберінде жекелеген іс-шараларды іске асыруға – 14,7 млрд теңге;

  • тұрғын үй құрылыс жинақтарына салымдар бойынша сыйлықақы төлеуге – 35 млрд теңге.

Бойчиннің айтуынша, қосымша 54,3 миллиард теңге ауылдық және қалалық сумен жабдықтауға, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымға, газбен жабдықтауды, жолдарды дамытуға, ауруханалар салуға бағытталады.

Қаржы көзі – президент бастамаларының резерві мен үкіметтің резерві, - деді депутат.

Сонымен қатар президенттің Білім және ғылым министрлігін қайта құру туралы жарлығын іске асыру мақсатында шығысты көбейтпей, жаңа екі министрлікке шығысты қайта бөлу туралы түзетулер енгізілді.

Бұған дейін үкімет Қазақстанның 2023-2025 жылдарға арналған жалпы ішкі өнімінің өсу болжамын жариялаған еді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: