Ел ішінде бизнесті қолдау саясаты туралы түсіндіру жұмысы жүргізілу керек – Тоқаев
Сурет: akorda.kz
Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жетісу облысына жұмыс сапары басталды. Мемлекет басшысы Жетісу облысы жұртшылығымен кездесуде бірқатар мәселелерді атады, соның ішінде кәсіпкерлікке де тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысы кәсіпкерлікті жан-жақты қолдау үшін тиімді тәсілдер қолданылып жатқанын айтты. Атап айтқанда, гранттар, шағын және жеңілдетілген несиелер беріледі.
Осы өңірдегі еңбекке жарамды халықтың үштен бірі шағын және орта бизнес саласында жұмыс істейді. Аймақтағы кәсіпкерлердің санын айтарлықтай көбейту үшін мемлекет тарапынан қолдау шараларын күшейту қажет. Осы мақсатта арнайы ұлттық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бірақ бұл туралы халықтың көбі білмей жатады. Сондықтан ел ішінде бизнесті қолдау саясаты туралы ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізу қажет.Қасым-Жомарт Тоқаев
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript