Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекет басшысы азаматтардың сұранысына сай келетін идеология қажет екенін айтты

Мемлекет басшысы азаматтардың сұранысына сай келетін идеология қажет екенін айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.10.2022 11:28 Сурет: Zakon.kz
Ақордада Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсім өтіп жатыр. Салтанатты жиында сөйлеген сөзінде мемлекет басшысы елімізге азаматтарымыздың сұранысына сай келетін идеология қажет екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, қуатты және қарқынды даму жолына түскен мемлекет азаматтардың құқықтарына және олардың еркіндігіне мызғымас кепіл болады. "Адам мемлекет үшін емес, мемлекеттің игілігі адам үшін" қағидасы басты ұстанымға айналды деді президент.

Халқы жасампаз, отаншыл және еңбекқор ел ғана толағай табысқа жетері анық. Сондықтан, біздің осы жолдағы бағдарымыз – баршаға айқын. "Адам мемлекет үшін емес, мемлекеттің игілігі адам үшін" қағидасы басты ұстанымға айналды. Мемлекеттілігімізді одан әрі нығайтамыз десек, бізге, ең әуелі, өзара жауапкершілік және тілектестік идеологиясы аса қажет. Себебі егемен еліміздің тағдыры – әр азаматтың қолында, - деді мемлекет басшысы.

Тоқаевтың айтуынша, енді елімізге барша халыққа түсінікті болатын және шын мәнінде, азаматтарымыздың сұранысына сай келетін идеология қажет.

Ашығын айтқанда, бізге жасанды қағидалар емес, барша азаматтардың көңілінен шығатын, олардың жүрегіне жылы тиетін шынайы өмірде қажет болатын дұрыс бағыт-бағдар керек. Бүгінде халқымыз бір ел болып жұмылып, тұтастықта өмір сүріп жатыр. Бұл, әрине, қуантарлық жағдай, - деді ол.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: