Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев мультибрендті автомобиль зауытының іргетасын қалау рәсіміне қатысты

Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2022 18:11 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Алматыға жұмыс сапары аясында Changan, Chery, Haval маркалы автомобильдер шығаратын зауыттың іргетасын қалау рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Президентке жобаның төлқұжаты таныстырылып, 2024 жылдың төртінші тоқсанында ашылады деп жоспарланған зауыттың үлгісі көрсетілді. Зауыттың өндіріс аумағы 100 мың шаршы метрден асады. Үш автокөлік маркасының әрқайсысы үшін дәнекерлеу және құрастыру жұмыстарына арналған жеке цех салынады.

Зауыт іске қосылғаннан кейін оның өндірістік қуаты жылына 90 мыңнан астам көлік шығаруға жетеді. Инвестицияның жалпы құны 100 миллиард теңгеден асады. «Astana Motors» компаниясы 2200-ге жуық жұмыс орнын ашады.

Қасым-Жомарт Тоқаев жобамен танысқан соң зауыт жұмысшыларымен әңгімелесті.

Бұл жоба елімізге өте қажет. Сондықтан тәуекел дейміз. Зауыттың жұмысына сәттілік тілеймін. Қытай Төрағасы Си Цзиньпин мырза биыл Қазақстанға келген кезінде келіссөз жүргіздік. Соның ішінде осы жоба туралы да әңгімелестік. Нәтижесінде, міне, бұл жоба іске асырыла бастады. Құтты болсын! – деді президент.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: