Жаңалықтар тізбегі
0

Түрген мен Қаскелең арасындағы тау кластерінің Шығыс және Батыс бөліктерін дамыту қажет - Тоқаев

Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2022 10:18 Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы жұртшылығымен кездесуде қалада халық санының өсу қарқынын ескере отырып, Алматы экономикасының орташа жылдық өсімін 5 пайыз деңгейінде қамтамасыз ету қажет екенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Алматының табиғи жерлері, әсіресе тау туризмі туралы сөз қозғады.

Алматының бірегей орналасқан жері тау туризмін дамытуға аса қолайлы. Бірақ, тау туризмі кластерін бүкіл Алматы агломерациясы шеңберінде қалыптастыру қажет. Менің ойымша, Түрген мен Қаскелең арасындағы тау кластерінің Шығыс және Батыс бөліктерін осы жерлердің әкімшілік мәртебесіне қарамастан, кешенді түрде дамыту керек, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның сөзінше, «Бұл зәкірлік жоба агломерацияның шипажайлары мен шаңғы базаларын дүниежүзілік маусымдық туристік кешендердің үлгісі бойынша бір кешенге біріктіреді. Осы жылдың қыркүйек айында Алматы қаласын дамыту бағдарламасы бекітілді. Құжаттың басымдықтары мегаполистің дәйекті және теңгерімді дамуына бағытталған.

Жалпы халық санының өсу қарқынын ескере отырып, Алматы экономикасының орташа жылдық өсімін 5 пайыз деңгейінде қамтамасыз ету қажет. Сонымен қатар экономикалық өсу көрсеткіштері әл-ауқат пен өмір сүру сапасының нақты артуы түрінде барлық азаматтар үшін нақты болуы керек.Қазақстан президенті
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: